Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының ресми ашылу рәсімі
БАСПАСӨЗ – ХАБАРЛАНДЫРУ
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2016 жылдың 6 маусымында сағат 1500–де ректорат ғимаратынының 15 қабатында (әл-Фараби даңғылы 71, Алматы қ.) тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының ресми ашылу рәсімі өтеді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми кеңесінің және ректораттың біріккен мәжілісінде ЮНЕСКО мен университет арасында ресми келісім шартқа қол қойылып, Тұрақты даму бойынша кафедрасына ЮНЕСКО халықаралық дәрежесі тағайындалады. Іс-қағаздарға қол қою рәсіміне келесі қонақтар шақырылды: ЮНЕСКО және ИСЕСКО ісі бойынша ҚР комиссиясының бас хатшысы А.С. Утегенова, Алматыдағы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша ЮНЕСКО кластерлік бюросының директоры А.С. Шевелев және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі Ғ.М. Мұтанов.
ҚазҰУ бірнеше жыл бойы өркениеттер, мәдениеттер және халықтар арасындағы диалог үшін жағдайлар жасау бойынша БҰҰ мен ЮНЕСКО-ның ұстанымдары мен бастамаларын ілгерілету жөнінде белсенді жұмыс жүргізіп келеді. 2014 жылдан бері университет БҰҰ-ның тұрақты даму бойынша «Академиялық ықпал» бағдарламасының Ғаламдық Хабы болып табылады. 1996 жылдан бері университетте БАҚ, журналистика және медиабілімнің даму саласындағы ірі жобаларды жүзеге асыратын журналистика және коммуникация бойынша ЮНЕСКО кафедрасы жұмыс жасайды.
Қазақстанның жетекші оқу орнында тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасына жоғары халықаралық мәртебесін тағайындау тұрақты даму саласындағы біріктірілген білім беру жүйесі мен ғылыми зерттеулерді тиімді ілгерілетуге ықпалын тигізеді. ҚазҰУ оқытушы-профессорлар құрамының жетекші әлемдік ғылыми орталықтардың ғалымдарымен жемісті ынтымақтастығы орталық азия аймағы университеттері желісінің дамуына және осының негізінде ЮНЕСКО-UNITWIN бағдарламасы аясында тұраұты даму бойынша Аймақтық хабының құрылуына ықпал етеді.
Берілген бағдарлама аясында жобаларды жүзеге асыру тұрақты даму саласындағы мемлекет пен аймақтың әлеуетінің дамуын қолдауға бағытталған бастамаларға жаңа серпін беруге мүмкіндік береді, ғаламдық мәселелерді халықаралық шешу үдерісінде маңызды тұлғалардың бірі ретінде Қазақстанның рөлінің нығайуына, сондай-ақ ЮНЕСКО әлеуетін мемлекет пен аймақ үшін барынша пайдалануына ықпал жасайды. Атап айтқанда, бұл – тұрақты даму, қоршаған ортаны қорғау, жасыл экономика, қалпына келетін энергия көздері бойынша инновациялық технологиялар трансфері және т.б. бойынша ғылыми-зерттеу жобаларын дайындау және жүзеге асыруды қолдау болып табылады.
Халықаралық ЮНЕСКО кафедрасы желілер құру және білім, озық тәжірибе алмасу үшін тұғырнама ретінде қызмет ететін болады.Соның ішінде виртуалды-коммуникативті алаң www.greenbridgework.kaznu.kz негізінде конференциялар, семинарлар, жиындар ұйымдастыру, сонымен қатар жарияланымдардың кеңінен таратылуы жүзеге асырылады.
ҚазҰУ баспасөз қызметі