Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күніне арналған халықаралық дөңгелек үстел

Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күніне арналған халықаралық дөңгелек үстел

2019 жылдың 28 тамызында Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күніне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел Сыртқы істер министрлігінің Алматыдағы өкілдігімен, БҰҰ-ның Қазақстандағы ақпараттық бюросымен және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесе отырып ұйымдастырылды.

1989 жылы 29 тамызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен әлемдегі ең ірі Семей ядролық полигоны жабылды. Бұл күн Қазақстанның бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясының 64-сессиясында Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні ретінде бекітілді. БҰҰ Бас ассамблеясы БҰҰ-ны, әлем мемлекеттерін, үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдарды жер шарындағы ядролық сынақтарды тоқтатуға күш салуға шақырды.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – елдің жас ұрпақтарын белсенді тарту арқылы халықаралық қауіпсіздік мәселелері бойынша диалогты дамыту. Ядролық қарусыз әлем – бұл тұрақты бейбітшілікке, жер бетіндегі жалпыға ортақ қауіпсіздік пен тұрақтылыққа сенімді жол.

Дөңгелек үстелге Алматыда тіркелген дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың, ғылыми және академиялық қоғамдастықтың, жастар ұйымдарының, азаматтық қоғам мен БАҚ өкілдері қатысты.

1,693 просмотр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>