Франциямен халықаралық серіктестік бағдарламалар

Франциямен халықаралық серіктестік бағдарламалар

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Пан Ги Мун атындағы тұрақты даму институты», «ҚазҰУ ЮНЕСКО» (тұрақты даму мен халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасы) кафедралары «Total» компаниясымен бірге «Тұрақты даму мақсаттарында Жаһандық азаматтықты дамыту» атты оқыту бағдарламасын жүзеге асырады. Серіктестік және ынтымақтастық аясында 2019 жылдың 4-8 ақпан аралығында университетте бакалавриат, магистратура және докторантураның студенттеріне арналған түрлі мамандықтар бойынша «Таланттар мен көшбасшылықты дамыту» тақырыбында профессор Эрве Оберрейнердің (Herve Oberreiner) дәрістері мен практикалық жаттығулары өтеді.
Дәріс барысында профессор Эрве Оберрейнер басшылық пен талантты басқару және мұнай-газ секторындағы тәжірибесі мысалында мансаптық өсуді дамытуға байланысты тақырыптарды талқылайды. Осылайша, маңызды мәселелер келесідей тақырыптарда болады: «Introduction to talent management leadership development»; «Career management: how the short, medium and long term intersect»; «Career management: a shared responsibility»; «Recruitment: a coherent policy». Сонымен қатар, профессор мансаптық өсуді басқарудың қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді ерекшеліктері туралы айтып береді. Дәрістік сабақтар аясында магистранттармен бірге персоналды (дәйекті саясат) қабылдау бойынша практикалық есептер оқытылады.

1,987 просмотр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>