УШОС

УШОС

ҚазҰУ-да студенттердің академиялық мобильдігі бойынша әртүрлі бағдарламалар жүзеге асырылуда, осының нәтижесінде студенттер шетелдерде білім алуға мүмкіндіктері бар.

Мысалы, кафедра магистранттары УШОС бағдарламасы (Шанхай Ұйымы Елдерінің Университеті) бойынша Ресей Халықтар Достығы  Университетінде «Экология» бағытында білім алып келді. Студенттер РХДУ-нің (РУДН)  экология факультетінің профессорларының дәрістерін тыңдап,  Кремльдің съездер сарайында өткен «Ресей экологтары съезіне»  қатысты.

Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО  кафедрасы  әлемдік  жетекші  жоғарғы  оқу орындармен халықаралық  ынтымақтастықта жұмыс істейді,  мысалы Табиғат, қоғам және адам Халықаралық «Дубна» университеті, Ресей Халықтар Достығы  Университеті, Камбрия Университеті, Суонси (Ұлыбритания) Университеті, Нанси (Франция) Университеті, Сібір Федеральдық Университеті.

1,197 просмотр