«Жасыл көпір» бастамасы сәтті жүзеге асырылып келеді

«Жасыл көпір» бастамасы сәтті жүзеге асырылып келеді

«Жасыл көпір» бастамасы сәтті жүзеге асырылып келеді

 

Студия қонағы – Әділхан Оразбаев, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, энергоэкология кафедрасының доценті.

Әділхан Оразбаев, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, энергоэкология кафедрасының доценті:

Қазіргі айналысып жатқан негізгі жобалардың бірі – Елбасы бастаған «Жасыл көпір» бастамасы. Бұл бағдарлама аясында жыл сайын әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Жасыл көпір: Ұрпақтан ұрпаққа» халықаралық студенттер форумы өтеді. Бұл шараға Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Жапония, Украина, Ресейден студенттер келіп, өздерінң ғылыми жұмыстарын ұсынады. Осыған арнайы журнал да шығуда. Сонымен қатар, greenbridge.kaznu.kz деген сайт ашылған. Біздің жасыл экономика саласында жасап жатқан жұмыстарымыз, ғылыми еңбектер мен жаңалықтарымыз осы сайтта жарияланады.

Руслан Жылқыбай, журналист:

EXPO-2017 арналған бүгінгі жиын туралы не айтасыз?

Әділхан Оразбаев, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, энергоэкология кафедрасының доценті:

EXPO-2017 арналған бүгінгі форумға 12 ел мүше. Олардың саны артып келеді. Форумның мақсаты – «Жасыл көпір» әріптестік бағдарламасын әрі қарай іске асып, басқаруының механизмдерін нақтылау. Сонымен қатар, бұл – EXPO-2017 халықаралық көрмесіне дайындық іс-шараларының бірі.

Бұл форумда тек альтернативті энергия көздері саласына ғана емес, экологиялық қала, жасыл қала, жасыл транспорт, экологиялық ой-пікірлер айтылып, ғылыми жұмыстар ұсынылды. Осындай шаралар бізге мол тәжірибе берері сөзсіз.

1,498 просмотр