GLOBAL FINANCE

hellenic_global_finance

GLOBAL FINANCE

Ғаламдық Қаржылар – кәсіпкерлер Джозеф Джиаррэпуто мен Карл Берджен 1987 жылы негізін қалаған ай сайын шығатын журнал. Кейінірек Джиаррэпуто бас редактор және баспа директоры. Журнал миссиясы корпоративтік лидерлерге, банкирлерге және инвесторларға ғаламдық бизнес пен қаржыны бақылап отыруға көмек көрсету. Global Finance журналының тиражы  50,050 және бұл журналдың 163 елде  оқырмандары бар. Штаб-квартирасы Нью-Йоркте, ал офистары Лондон, Рио-де-Жанейро  және Милан қалаларында орналасқан. Global Finance оқырмандары президенттер, бас директорлар, қаржы директорлары және т.б. қаржы саласының қызметкерлері. Global Finance жыл сайын дүние жүзіндегі ең үздік қаржы мекемесін таңдайды. Бұл сыйақының мәні өте зор және үлкен жетістік белгісі болып қабылданады.