Университеттердің Тұрақты дамуына арналған Үлгі жоспар
Жаһандық білім беру əлемінде жас мамандардың білікті жəне инновациялық идеялар мен зияткерлік ой иелерін дайындау жауапкершілігі тек университеттерге жүктелген. Осы орайда зерттеу университеттері басты роль атқарады. Əл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті БҰҰ Академиялық ықпалдардың
жаһандық хабын басқару мəртебесіне ие болғандықтан тұрақты даму мəселері бойынша (United Nation Academic Impact) университеттердің Үлгі жоспары жобасын қарастыру мен қолдауды ұсынады. Аталмыш жоба алдыңғы қатарлы халықаралық практика талдамаларына негізделген: 500-ден астам университет пен колледж қол қойған тұрақты даму туралы Таллуар декларациясы, РИО+20 Декларациясы мен тұрақты даму туралы ЮНЕСКО бағдарламасы; сол сияқты халықаралық университеттер практикасына талдамалар ; жоғары оқу орнында экологиялық білім рейтингінде жүйе құрған UI Green Metrik Worid University Ranking, Сантьяго университеті, Испания жəне Германиялық Ольденбург университеттік кампус пенэнергия үнемдеу туралы талдама жасаған Оксфорд университеті мен Индонезия университеті енгізген əрі нəтижесінде энергия үнемдеуді 52% төмендеткен жобаларына сүйенген.
Университеттердің тұрақты дамуы жүйесіне əзірленген Үлгі жоспар ЖОО қызметінде өзара ғылыми-бəлім беру, басқару, экологиялық, əлеуметтік –мəдени даму аспектілерін ескереді.
Аталған Үлгі жоспарды жүзеге асыру нəтижесінде жəне университеттің қызметін бағалау бойынша дайындалған өлшемдер мен индикаторларға сəйкес шараларды іске асыру жолымен университеттердің энергосиымды экономикаға өту жүйесін жасауға , сол сияқты «тұрақты жасыл университет қалашығын» құруды қабылдауға болады.
Мақсаты: Мың жылдық даму жəне университет, қала, ел деңгейінде тұрақты даму жоспарын іске асыру мақсатында əлем университеттерінің интеллектуалдық мүмкіндігін жұмылдыруға жəне бірікккен əрекетін біріктіруге күш салу.
Əрекет: Университет, қала, ел дəрежесінде тұрақты даму аясында университеттің жинақталған ғылыми жəне басқару мүмкіндігін біріктіру жəне пайдалану.