ҚАЗАҚСТАН ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ

3

ҚАЗАҚСТАН ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ

Қазақстан Электр энергетикалық қауымдастығы (КЭА) – 1999 жылы 7 қаңтарда бекітілген, үкіметтік емес, коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғалар бірлестігі.
Қауымдастықтың негізгі міндеттері — Қазақстан Республикасының электроэнергетикалық саласының жалпы мүдделерін қорғайтын және оның жұмысын басқару мен дұрыс жұмыс істеуі үшін жағдай жасау болып табылады.
Бүгінгі таңда Қауымдастық құрамына: аймақтық электрожелілік компаниялар, жүйелік операторлар, орталықтандырылған сауда операторлары, негізгі салалық ғылыми-зерттеу және жобалау институттары, энергетикалық қондырғылар өндірушілері, АҚШ-тың Энергетика Қауымдастығы және т.б. кіреді.
КЭА сала өкілдері мен мемлекеттік органдар арасында байланыстырушы ролін атқарады. Осы мақсатпен Қауымдастық көптеген мемлекеттік органдармен ынтымақтастық Меморандумына қол қойған.
Қазіргі кезде Қауымдастық Энергетика және минералдық ресурстар Министрлігінің, табиғи монополияларды реттеу мен бәсекелестікті қорғау Агенттігінің нормативті-құқықытық актілері сараптамасы бойынша эксперттік кеңесте аккредиттелген. Сонымен бірге КЭА өкілдері мемлекеттік органдардың әртүрлі жұмысшы тобының жұмысына қатыса алады.
КЭА негізгі бағыттарының бірі – семинарлар, конференциялар және көрмелер ұйымдастырып, оларға қатысу. Электроэнергетикалық саланы дамытудың өзекті мәселелері жөніндегі Республикалық мәжілістерді өткізеді.