ISEL (INSTITUTO SUPERIOR DE ENGENHARIA DE LISBOA)

EEE

ISEL (INSTITUTO SUPERIOR DE ENGENHARIA DE LISBOA)

ISEL мақсаты толыққанды білімді қамтамасыз ете отырып, қоғамның дамуына ықпал ету, сондай-ақ нарық қажеттігі шегінде жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес білімді дамыту болып табылады.

 

Кампус бір-біріне тәуелсіз ғимараттардан тұрады, олар компьтерлік бөлмелермен және зертханалармен жабдықталған. Кампус территориясында кітапхана, асхана, студенттер жатақханасы, банк агенттігі, фотокөшірме қызметі, бірнеше кафетерийлер мен спорт орталығы орналасқан. ISEL-дегі өмір тек оқу үрдісінен тұрмайды. Жағымды акдемиялық қоршаған орта толыққанды білім алу жұмысына маңызды әсер етеді. ISEL–де кең диапазонды шаралар: көрмелер, семинарлар, музыкалық концерттер мен спорттық жарыстар өткізіліп тұрады.