МҰХИТ ПЕН АТМОСФЕРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ҰЛТТЫҚ БАСҚАРМАСЫ

9

МҰХИТ ПЕН АТМОСФЕРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ҰЛТТЫҚ БАСҚАРМАСЫ

Мұхит пен атмосфералық зерттеулердің ұлттық басқармасы – АҚШ-тың экономика Министрлігінің ғылыми бөлімшесі, оның мақсаты – мұхиттар мен жер атмосферасының жағдайын зерттеу.
Агенттік қауіпті табиғи жағдайларды ескертуден басқа космостық ауа райын бақылап, күн белсендігі мен сәуле шашуларды талдап отырады, сонымен бірге метеорологиялық және геодезиялық зерттеулер жүргізе отырып, АҚШ пен оның басқа елді мекендері үшін болжаулар жасайды, әлемдік мұхит пен атмосфераны зерттейді. Халықты табиғи апаттардан сақтандырады. 1970жылы құрылған. Оның құрамына Виргиния штатының Норфолке қаласында және Вашингтон штатының Сиэтле қаласында орналасқан зерттеу бекеттері бар мұхитты зерттеу бойынша Ұлттық қызмет және Ұлттық метеорологиялық қызмет пен мұхит балық ресурстарын анықтау бойынша Ұлттық қызмет кіреді.