Ашық есік күні

Ашық есік күні

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті география және табиғатты пайдалану факультеті тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы сіздерді «Онлайн» түрінде өтетін «Ашық есік күніне» шақырады!!!

Іс-шараның негізгі мақсаты – талапкерлер мен ата-аналарды кафедра мамандықтары бойынша және университетімізбен таныстыру, оқуға құжаттарды тапсыру және білім беру бағдарламасы жөніндегі сұрақтарға жауап алуға болады.

Біздің мамандықтарымыз:

  • 6В05202 Экология,
  • 6В05201 Геоэкология,
  • 6В11201 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі

Ашық есік күні Сіз әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың басқа жоғары оқу орындарынан ерекшелігі, кафедра мамандықтарының өзгешелігі мен артықшылықтары және сіздің болашақта жұмыс істейтін орындарыңыз туралы мәліметтер береді.

Бұл күні біздің кафедраның басшылығымен, профессорлар мен оқытушылар құрамымен және студенттерімен танысуға тамаша мүмкіндік туындайды, сондай-ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері оқитын материалдық-техникалық базасымен, далалық практика жұмыстары жөнінде мағлұматтармен танысу сізге ҚазҰУ-да оқудың толық көрінісін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мұндай мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!

Ашық есік күні «Онлайн» түрде құжат өткізу, кафедраның білім беру бағдарламалары, оқу шарттары, грантқа өту балы, оқу ақысы, жатақханада тұру мүмкіндіктері туралы сізді қызықтыратын барлық сұрақтарды қоюға мүмкіндігіңіз бар.

Барлық тілек білдірушілерді қатысуға шақырамыз!

Уақыты: 14 шілде 2020 ж. 17:30 сағ.

(Zoom: Идентификатор: 569 593 2019, Пароль: 1234567)

 

1,241 просмотр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>