Республикалық студенттік пәндік олимпиада

Республикалық студенттік пәндік олимпиада

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігімен бірге Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультеті 2019 жылдың 27-28 наурызында «5В060900-География», «5В061000-Гидрология», «5В060800- Экология» және «5В071100 – Геодезия және картография» мамандықтары бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиаданы (РСПО) өткізеді.

Олимпиаданың мақсаты: шығармашылық қабілеттерін ашу, ең дарынды студенттерді іріктеу және қолдау көрсету; студенттердің зияткерлік әлеуетінің қалыптасуына көмектесу; қазіргі заманның ғылыми мәселелерін шешуге студенттер мен жас ғалымдарды жұмылдыру; ғылыми қызметке қызығушылығын дамыту.

ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

Олимпиада тілдері: қазақ және орыс.

 Олимпиаданың тақырыптық бағыттары:

  • География;
  • Экология;
  • Гидрология;
  • Геодезия және картография.

 Олимпиадаға  «География», «Гидрология», «Геодезия және картография» және  «Экология» мамандықтары  бойынша  оқитын, үш  студенттен құралған командалар қатысады.

ОЛИМПИАДА ЕКІ КЕЗЕҢНЕН ТҰРАДЫ:

  • Өз университетінде өтетін кезең (2019 жылдың 1 қаңтарына дейін);
  • Республикалық финалдық кезеңі (27-28 наурыз 2019 ж.).

Финалдық кезең – үш айналымнан тұратын командалар мен студенттердің (жеке есеп бойынша) ашық байқау:

*«5В060900-География» мамандығы  бойынша:

  • бірінші айналым «Диалог» – командаларды таныстыру (5-7 мин);
  • екінші айналым «Танымдық» – тесттік (20 тест сұрақтары) (40 мин) және практикалық тапсырмалар (10 практикалық тапсырма) (20 мин).
  • үшінші айналым «Өзіндік жұмыс» - «Адами капитал – постиндустриялық экономикадағы ең маңызды» және «Смарт қала. Смарт қаланың тұжырымдамасы және іске асуы», «Сандық Қазақстан: «Болашақтың сандық индустриясын құру»», «Экологиялық қауіпсіздік Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының негізі ретінде» (таңдау бойынша) тақырыбында баяндама (презентация) дайындау және оны қорғау (10 мин).

*«5В061000-Гидрология» мамандығы бойынша:

– бірінші айналым «Диалог» – командаларды таныстыру (5-7 мин);

– екінші айналым «Танымдық» – тесттік (20 тест сұрақтары) (40 мин) және практикалық тапсырмалар (10 практикалық тапсырма) (20 мин).

– үшінші айналым «Өзіндік жұмыс»

- гидрология мамандығы бойынша «Гидрологияның заманауи мәселелері» тақырыбында баяндама (презентация) дайындау және оны қорғау (10 мин).

*«5В060800- Экология» мамандығы бойынша:

  • Бірінші айналым «Теориялық тапсырмалар» – тест тапсырмалары (20 тест сұрақтары) және практикалық тапсырмалар (5 есеп), 100 мин.

               Ескерту:

  1. Олимпиаданың әр қатысушысында қалам (көк түсті), қарындаш, сызғыш, өшіргіш және инженерлі калькулятор болуы тиіс.
  2. Жұмыс парағында корректор (штрих) қолданылатын болса, комиссия мүшелерінің жеке есеп баллын төмендетуге құқығы бар.
  • Екінші айналым «Жоба дайындау». «Өз аймағыңыздағы биоалуантүрліліктің жағдайын экологиялық бағалау оны сақтау бойынша жүзеге асырылып жатқан шаралар» тақырыбы бойынша жобаның презентациясы. (Әр команда 5-7 минут ішінде жобаны қорғауы тиіс).

             Ескерту:

  1. Жобаның презентациясы тек PPT және PPTX форматында ғана қабылданады.
  2. Уақыттың тәртібі сақталмайтын болса, комиссия мүшелері команданың жалпы баллын төмендетуге құқығы бар.

*«5В071100 – Геодезия және картография» мамандығы бойынша:

–           бірінші айналым «Диалог» – командаларды таныстыру (5-7 мин);

–           екінші айналым «Көзқарас» өзіндік жұмыс.  «Геодезия және картография болашағы» тақырыбында баяндама (презентация) дайындау және оны қорғау (5 мин);

–           үшінші айналым «Танымдық» – теориялық тапсырма  (30 тест сұрақтары) (60  мин): теориялық тапсырма картография, фотограмметрия және геодезия бойынша тест сұрақтарын қамтиды.

–           төртінші айналым «Танымдық» практикалық тапсырмалар (200 мин):

1) қазіргі заманғы геодезиялық аспаптармен далалық жұмыстар;

2) өлшеу нәтижелерін камералдық цифрлы түрде өңдеу;

3) AutoCAD бағдарламасында берілген бөлімшенің топографиялық планын құру.

 Командаларды таныстыру мен жобаны қорғау кезінде уақыт регламентін  сақтамаған командаларға, комиссия мүшелері баллдарын төмендетуге құқылы.

Олимпиаданы өткізу тәртібі мен айналымдарды бағалау критерийлері «5В060900- География», «5В061000-Гидрология», «5В071100 – Геодезия және картография» және «5В060800-Экология» мамандықтары бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың бағдарламасында көрсетілген (қосымша тіркелген).

РСПО ақтық кезеңін қорытындысын шығару кезінде комиссия мүшелері жеке есеп және командалық есеп бойынша жеңімпаздарды анықтайды. Екінші «Танымдық» айналымы бойынша ең жоғары балл жинаған қатысушы жеке есеп бойынша жеңімпаз атанады. Үш айналым қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған топ командалық есеп бойынша абсолютті жеңімпаз болады.

Комиссия география және табиғатты пайдалану факультеті кафедраларының оқытушы- профессорлар құрамынан тұрады.

ОЛИМПИАДАНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНЕ ҚҰЖАТТАРДЫ

ҰСЫНУ ТӘРТІБІ

Командалар тіркелу үшін ЖОО-на келесі құжаттарды ұсынады:

  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры т.ғ.д., профессор, академик Ғ.М. Мұтановтың атына жазылған қатысушының жеке өтініші;
  • Ұсыныс (ЖОО-ғы кезең өтуі және нәтижелері туралы Факультеттің Ғылыми кеңесінің шешімі туралы мәжіліс хаттамасынан үзінді);
  • Қатысушының тіркеу карточкасы;
  • Команда жетекшісінің анкетасы (аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, қызметі).

Секция жетекшілеріне олимпиада өткізілетін орында қатысушылар жоғарыда аталған құжаттардың түпнұсқасын ұсыну қажет.

Команда мүшелерінде жеке           куәлік және студенттік билет немесе сынақ кітапташасының түпнұсқалары болуы шарт.

Олимпиадаға қатысуға байланысты барлық шығындар (келу, кету, тамақтану, мекендеу) жөнелтілетін тараптар қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Қонақ үйге орындарды алдын-ала брондау қажет болса, сұранымда хабардар етуді сұраймыз.

Құжаттардың электронды (сканерленген) көшірмесін 2019 жылдың 15 наурызына дейін келесі электронды пошталарға қабылданады:

 «География» мамандығы бойынша Екейбаева Динара Пашарханқызы

 

8 (727) 377 33 35 (іш: 14-87),

+7 (775) 6079092

diya_993@mail.ru

yekeibayeva.dinara@gmail.com

«Гидрология» мамандығы бойынша Жанабаева Жанара Ануарбеккызы

 

8 (727) 377 33 35 (іш: 16-01),

+7 (701) 3708051

Zhanar.Zhanabaeva@kaznu.kz

«Экология» мамандығы бойынша Керимкулова Айгерим Бериковна

8 (727) 377 33 35 (іш: 16-04),

+7 (775) 6822009

kerim.aiko1989@gmail.com

 

«Геодезия және картография» мамандығы бойынша Маженова Жанна Арипбаевна

8 (727) 221-12-74 (іш: 12-74),

+7 (702) 1372212

mazhenova1981@gmail.com

 

Өткізілетін орны: Алматы қ., әл-Фараби даңғ. 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, география және табиғатты пайдалану факультеті, 6-корпус.

Ақпараттық хатқа тіркелген:

  1. Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың бағдарламасы.
  2. «География», «Гидрология», «Экология»  және «5В071100 – Геодезия және картография» мамандықтары бойынша Республикалық пәндік олимпиаданы өткізу жоспары.
  3. Қатысушының тіркеу карточкасы.

 

 

1,827 просмотр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>