Аридті аймақтар: экологиялық және әлеуметтік тұрақтылық

Аридті аймақтар: экологиялық және әлеуметтік тұрақтылық

Еуразияның орталық бөлігінде орналасқан аридті аймақтардың тұрақты даму өзекті мәселелеріне арналған “Аридті аймақтар: экологиялық және әлеуметтік тұрақтылық” атты Халықаралық ғылыми конференцияны 2018 жылдың 11-12 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Оксфорд университеті (Ұлыбритания) және ЮНЕСКО-ның “Адам және биосфера” бағдарламасының Ұлттық комитетімен бірлесе отырып “Аридті аймақтар: экологиялық және әлеуметтік тұрақтылық” (“Arid Lands: Environmental and Social Sustainability”) өткізді. Бұл халықаралық ғылыми қоғамдастықтың қарастырылып отырған адамзаттың жаһандық проблемасын шешуге қызығушылығын дәлелдейді, сондай-ақ практикада жауапты ғылыми негізделген шешімдерді қабылдауға ерекше назар аударылады.Конференцияға бүкіл әлемнің 100-ден астам ғалымдары, оқытушылары, студенттері мен магистранттары қатысып, өздерінің баяндамаларын ұсынды. Пленарлық және үш секциялық мәжілісте Еуразияның орталық бөлігінде құрғақ аудандардың тұрақты дамуының өзекті аспектілері талқыланып, соның ішінде климаттық тұрақтылық, шөлдену, биоалуантүрлілікті сақтау, қорғалатын аймақтар, қашықтықтан зондтау, кеңістіктік талдау, жердің деградациясы, су ресурстары, техносфера және туризм мәселелері қарастырылды. Бұл проблемалардың нашарлауы табиғатты пайдалану, климаттың және экологияның өзгеруі саласындағы қазіргі жаһандық тенденциялармен байланысты. Ұлы Жібек жолының бұрынғысы мен қазіргісі тарихы, археологиясы, әлемдік мәдени және табиғи мұрасы, трансшекаралық мәселелері, Азия мен одан тыс жерлердегі дамуы мен ынтымақтастығына қатысты салалармен байланысты болып, осы сұрақтарды зерттеуге ерекше назар аударылды. Жалпы, қатысушылар конференциядағы баяндамалардың жоғары деңгейін атап өтіп, Орталық Еуразияның құрғақ аумақтарын зерттеу бойынша болашақ халықаралық жобаларды бастауға дайын екендігін білдірді.

DSC_6603

 

 

1,835 просмотр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>