«XXI ғасырдың жаһандық қатерлері»

«XXI ғасырдың жаһандық қатерлері»

2016 жылдың 18 ақпанында сағат 1500-1700 аралығында география және табиғатты пайдалану факультетінің тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы әл-Фараби кітапханасының 4 қабатында (Ақ зал) тұрақты түрде жүргізілетін «XXI ғасырдың жаһандық қатерлері» атты пәнаралық Екінші семинар өткізді.
Қазіргі таңдағы заманауи жаһандық қатарлер мен мәселелер бір-бірімен байланысты және олардың шешімі өркениеттің келешегіне әсер етеді.
Жаһандық қатарлер заманауи адамзаттың әр түрлі салаларының біркелкі дамымауының нәтижесінде, оның табиғатпен және қоршаған ортамен байланысы, сонымен қатар қоғамдық-экономикалық, қоғамдық-табиғи, саяси-идеологиялық және басқа адамдармен қарым-қатынасы нәтижесінде пайда болады. Бұл мәселелер барлық адамзатқа және Қазақстан Республикасына да қатысты.
Аталмыш тұрақты семинар әр түрлі мамандарды, ғалымдар мен қоғамдық қызметкерлерді біріктіріп, адамзаттың жаһандық қатарлерін талқылауға, тұрақты даму саласының БҰҰ-ның мақсаттарына сәйкес шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Семинар барысында ақпараттық соғыс және терроризм, Қазақстандағы зымыран-ғарыштық қызметтің экологиялық қауіпсіздігі тақырыптарында сұрақтар қарастырылды.
Семинарға ҚазҰУ-дың ғалымдары, әр түрлі ғылыми-зерттеу институттарының (зоология, генетика, ботаника, экология мәселелері және т.б.), ЮНЕСКО “Адам және биосфера” Қазақстандық ұлттық комитетінің, “Бiлiм” оқу-мәдени орталығының мүшелері, сонымен қатар экология және қоршаған ортаны қорғау, тұрақты дамудың мәселелері қызықтыратын адамдар қатысты.

899 просмотр