Жазғы мектептер

Жазғы мектептер

Сіз жассыз және алға қойған мақсаттарыңыз бар, жоғары сапалы білім алуға ұмтыласыз ба? әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жазғы семестрі – Сіздің мақсаттарыңызға жеткізер дара жол!

2013-2014 оқу жылында университет екі жазғы семестр өткізуді жоспарлап отыр. Қазақстан Республикасының және шетел жоғарғы оқу орындарының студенттері шақырылады.

Жазғы семестр мерзімдері:

1-ші жазғы семестр: 2014 ж. 26 мамырдан 28 маусымға дейін

(тіркеу 17 мамырға дейін)

2-ші жазғы семестр: 2014 ж. 23 маусымнан  26 шілдеге дейін

(тіркеу 14 маусымға дейін)

Жазғы семестрді таңдаудың сегіз себебі:

  1. Курстар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде заманауи оқыту әдістерін қолдана отырып  жүргізіледі;
  1. Курс дәріскерлері – ҚазҰУ-дың жетекші профессорлары, шетелден шақырылған профессорлар, шетелдік жетекші университеттерде білім алған «Болашақ» бағдарламасының түлектері мен жұмыс берушілер;
  1. Өтілген пәндер мен кредиттер Сіздің университеттеріңізде есепке алынады;
  1. Курсты бітіргеннен соң сертификат беріледі;
  1. Барлық курстар аккредиттелген және шетелдік білім беру бағдарламаларына сәйкес, сондықтан шетелдік оқу орындарында білім алған кезде меңгерілген кредиттерді қайта есептетуге болады;
  1. Жазғы семестрде білім алатын студенттер жатақханамен және кітапхананы, Интернет қорларын, спорт кешенін қолданумен қамтамасыз етіледі.
  1. Курс барысында тек білім беріп қана қоймай, сонымен бірге Орталық Азияның ең көркем қалаларының   бірі -Алматы қаласының мәдени орталықтарына  экскурсия жасау мен әртүрлі көңіл көтеретін іс-шаралар ұйымдастырылады;
  1. ҚазҰУ-де шетелдік 1000 артық студент білім алуда. Сіз бұл жерден тек қазақстандық ғана емес, басқа да елдерден дос табасыз;

ҚазҰУ-дың жазғы курстары Сіздің мансабыңыздың шешуші кезеңі болады!

Жазды ҚазҰУ-мен бірге өткізіңіз!

Біз оны ұмытылмастай етеміз!

2,305 просмотр